Салықтық есеп: банктер мен коллекторларға арналған жаңа талаптар шықты
Қазақстанда банктер, брокерлер мен коллекторлық агенттіктер салық органдарына есепті жаңа ереже бойынша тапсырады. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда банктер, брокерлер мен коллекторлық агенттіктер Мемлекеттік кірістер комитетіне есепті жаңа ереже бойынша тапсырады. Бұл туралы NewsAsia.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы 2026 жылғы 17 қарашада №776 бұйрыққа қол қойған. Құжат алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді. Жаңа талап тек қаржы ұйымдарына бағытталған, қарапайым азаматтар мұндай есеп тапсырмайды.
Өзгерістер үш негізгі нысанды қамтиды: 026.00, 019.00 және КОЛЛ-1. Бірінші есеп шоттар туралы ақпаратқа қатысты, енді ұйымдар мәліметтерді тапсыру кезінде “негізгі”, “түзетілген” немесе “өзгертілген” деген белгі қояды. АҚШ-пен салықтық ақпарат алмасуға арналған 019.00 нысанында да осы тәртіп қолданылады. Ал КОЛЛ-1 нысаны арқылы банктер мен коллекторлар қарызды талап ету құқығын беру, борыштың құрамы мен өтелу барысын көрсетеді.
Есеп беру мерзімі сол күйі қалды: қаржы ұйымдары мәліметті тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей жіберуі тиіс.
Еске салсақ, Қазақстанда қарызын өтей алмай жүргендерге банкроттық рәсімі жеңілдетілген. Бес жылдан аса берешегі бар азаматтар соттан тыс рәсімді алты айдың орнына бір айда өте алады.
Пікірлер
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.