26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Қызылордада 20 миллиард теңгеге тәулік бойы істейтін кітапхана салына бастады

Қызылордада Президенттік кітапхана үлгісіндегі жаңа орталықтың құрылысы басталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылордада 20 миллиард теңгеге тәулік бойы істейтін кітапхана салына бастады
Фото: Aikyn.kz

Қызылордада Президенттік кітапхана үлгісіндегі жаңа ғимараттың алғашқы құрылыс кезеңі басталды. Бұл туралы NewsAsia.kz Aikyn.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметінше, Президент саябағы аумағынан бөлінген 3 гектар жерге салынатын нысанның құны 20 миллиард теңгеге бағаланған. Жалпы ауданы 13 мың шаршы метр болатын төрт қабатты ғимарат тәулік бойы жұмыс істеп, жылына 50 мың оқырманға қызмет көрсетеді деп жоспарланып отыр. Нысанды 2027 жылы пайдалануға беру көзделген.

Жаңа орталықта 600 мың кітап қоры, коуоркинг орталығы, 18 зал, сондай-ақ Media Lab пен подкаст студиясы болады.

Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының орынбасары Айгүл Жанғабылова жаңа нысанның маңызы туралы айтып берді.

“Осы тұрғыдан алғанда, Қызылордадан Президенттік кітапхана үлгісіндегі нысанның ірге қалауы облыстың мәдени инфрақұрылымын дамытуға қосылған үлкен үлес деп есептеймін. Әсіресе жаңа нысанда заман талабына сай жабдықталған балалар мен жастарға арналған кеңістіктердің, электронды оқу залы мен заманауи зертханалардың қарастырылуы көңіл қуантады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 1997 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханалары жабылып, облыстық ғылыми кітапханаға қосылған еді. Жаңа ғимарат өңірдегі жас оқырмандардың сұранысын толық өтеуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.