27 қараша 2026 Астана 0° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Эстония Мәдениет министрі қазақстандық кино мамандарын фестивальге шақырды

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Эстонияның Мәдениет министрі Хейди Пургамен кездесті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Эстония Мәдениет министрі қазақстандық кино мамандарын фестивальге шақырды
Фото: Aikyn.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев Эстонияның Мәдениет министрі Хейди Пургамен кездесті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. Эстонияның Қазақстандағы Елшісі Марье Лууп қатысқан жиын шетелдік министрдің елімізге Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Атқарушы комитетінің отырысына келуі аясында ұйымдастырылды. Кездесу барысында екі мемлекет арасындағы мәдениет, кино, музей және кітапхана ісі бағытындағы байланыстар, сондай-ақ креативті индустрия саласындағы әріптестік пен шығармашылық тәжірибе алмасу мәселелері сөз болды. Хейди Пурга қазақстандық кино мамандарына Эстония аумағындағы кинофестивальдерге қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар тараптар салалық мекемелер арасында тікелей ынтымақтастық орнатуға ерекше назар аударып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге әрі ортақ бастамаларды бірлесе жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.

Бізді Google арқылы оқисыз ба? NewsAsia.kz сайтын таңдаулы дереккөздерге қосыңыз — біздің жаңалықтар «Басты жаңалықтар» блогында жоғарырақ көрсетіледі.

Қате таптыңыз ба? Мәтін үзіндісін белгілеп, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз.

Алия Жұмабекова
Алия Жұмабекова
Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы

Сән және бьюти-индустрия бөлімінің редакторы, инфлюенс-маркетинг пен әлеуметтік желілер шолушысы. Мансабын жергілікті брендтерге арналған коммерциялық түсірілімдердің стилисі және креативті продюсері ретінде бастаған. Сән апталықтарын жариялайды, поп-мәдениет феномендері мен интернет-трендтерді талдайды, сондай-ақ редакцияның диджитал арнайы жобаларының визуалды эстетикасына жауап береді.

Автордың барлық материалдары

NewsAsia.kz Telegram-да

Шұғыл жаңалықтар мен қысқа талдаулар — біздің арнада.

Арнаны ашу

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.