26 қараша 2026 Астана +2° USD 458,85EUR 503,50RUB 5,59CNY 68,90

Қазақстан және Орталық Азия жаңалықтары

Алматыда «Салтанат» би ансамблі 71-ші маусымын ашты

Almaty Theatre сахнасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 71-ші маусымының ашылу концерті өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматыда «Салтанат» би ансамблі 71-ші маусымын ашты
Фото: Turkystan.kz

Almaty Theatre сахнасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің 71-ші маусымының ашылуына арналған «Ұлыларға тағзым» атты салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды NewsAsia.kz Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орайластырылған мәдени шарада көрерменге ұлттық би мұрасы мен Азия халықтарының өнері ұсынылды. Бағдарлама екі бөлімнен тұрды. «Ұлыларға тағзым» деп аталған алғашқы бөлімде қазақ композиторларының туындыларына негізделген және алтын қорға енген балетмейстерлік нөмірлер «Salt Sound» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен сахналанды. Ал «Азия аңыздары» бөлімінде шығыс елдерінің хореографиясы, оның ішінде түрік пен қытай халықтарының жаңа қойылымдары тұсаукесер ретінде көпшілік назарына тарту етілді.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікірлер

Пікірлер модерациядан кейін жарияланады. Ережелер

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болып жазыңыз.