Алматыда Сәтбаев көшесіндегі шыршалар сақталып, басқа жерге көшірілді
Алматыда Сәтбаев көшесінің бойында, Қастеев атындағы өнер музейіне қарама-қарсы тұрған ірі шыршалардың кесілуіне жол берілмеді, деп хабарлайды NewsAsia.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап. Ағаштар саябақтар мен скверлерге қайта отырғызылды.