Қазақстанда ақша айырбастау орталықтарында доллар 375 теңгеден сатылуда

Қазақстанда кейбір ақша айырбастау орталықтарында доллар 375 теңгеден сатылуда. Бұл туралы Newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Kurs.kz ресурсының мәліметінше, ақша айырбастау орталықтарында долларды 370-373 теңгеге сатып алып, тұрғындарға 375,1-375,5 теңге бағамы бойынша өткізуде. Бұған дейін ҚР Ұлттық Банкі төрағасының кеңесшісі Айдархан ҚұсайыновТengrinews.kz сайтына берген сұхбатында, ағымдағы теңге курсының өте әлсіз екенін атап өткен болатын.

«Қазір бұған сәттік факторлар қатты әсер етіп жатыр. Теңге өзінің базалық тепе-теңдігінен алыс қалды. Алдағы екі аптада курс бір доллар үшін 365−375 теңге көлемінде ауытқып тұрады», — деді ол.

Newsasia.kz