Индия оппозициясының көшбасшысы: Ақша реформасы — Үндістанға қарсы қылмыс

«Үндістанның ұлттық конгрессі» оппозициялық партиясының көшбасшысы Рахул Ганди 2016 жылғы ақша реформасы Үндістанға қарсы қылмыс болғанын айтты. Үндістанның «Амар уджала» жаңалықтар қызметінің мәліметіне сүйенсек, оппозициялық тұлға бұл туралы Twitter-дегі мкроблогында жазған.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Рахул Ганди «Үнді халқының партиясы» («Бхаратия джаната партиы») басқарған үкімет осы қылмыс үшін жауапты болуы тиіс деп мәлімдеді. Ол сондай-ақ, Премьер-министр Нарендра Модидің экономикалық мәселелер бойынша бұрынғы кеңесшісі, жақында 2016 жылғы ақша реформасын сынға алған Арвинд Субраманьян үкіметтің саясатымен келіспеушілік белгісі ретінде отставкаға кету керектігін атап өтті.

Еске сала кетейік, 500 және 1000 номиналды  рупилерді айналымнан шығарған 2016 жылғы ақша реформасы жемқорлыққа қарсы күресуге бағытталған шара ретінде аталған еді. Бұл «Үндістан халық партиясының» экономикалық бағдарламасының басты бағыты болды.

Арвинд Субраманьидің айтуынша, барлық қолма-қол ақшаның 86% -ын айналымнан шығару ЖІӨ-нің өсу қарқыны мен инфляцияның өсуіне, сондай-ақ көлеңкелі экономикаға қарсы күрестегі табысқа кері әсерін тигізді.