Украинаның жаңадан сайланған президенті Владимир Зеленский «ЧистоNews» бағдарламасындағы бейне жазба үшін барлық мұсылман қауым мен Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтан кешірім сұрады. Бұл туралы Зеленский «112 Украина» телеарнасының эфирінде айтып, аталмыш әзіл-шоуға қатысы жоғын жеткізді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

Оның сөзінше, ол бағдарлама барысында Қадыровтың намаздан кейін жылап тұрған сәті бейнеленген кадрдың пайдаланатыны туралы білмеген.

«Мен бұл туралы білген жоқпын, себебі, бағдарламаны жүргізбегенмін, бұл шығарылыммен басқа редакторлық топ айналысқан», — деген Зеленский, Шешенстан басшысының жылап тұрған сәті эфирге абайсызда шығып кеткенін айтты.

Украина президенті бағдарлама авторлары ешкімді ренжіткісі келмегенін алға тартып, әр ұлттың дініне құрметпен қарайтындары туралы мәлімдеді.

«Барлық мұсылман қауымы алдында олар үшін (авторлар) кешірім сұраймын», — деді Зеленский.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…