Желіде АҚШ басшысы Дональд Трамптың Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хаты жарияланды. Оны Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жариялады, – деп хабарлайды sputniknews.kz.

1 мамырда жазылған хатта Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешіміне пікір білдірген. Естеріңізге сала кетейік,  Елбасы 2019 жылдың 19 мамырында отставкаға кеткен болатын.

«Сіздің еліңіз үшін тарихи сәтпен құттықтаймын. 30 жылға жуық басшылық жасағаннан кейін табысты мирас қалдырып барасыз.  Билікті конституциялық тәртіппен тапсыру туралы шешіміңізді қолдаймын», – деп жазды Дональд Трамп.

Америка президенті Назарбаевтың өткен жылғы Ақ Үйге сапары Құрама Штаттар мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды қадам болды деп атап өтті.

​»Біз елдеріміз арасындағы қарым-қатынастарда үлкен жетістіктерге жеттік және америкалық бизнестің Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықтың одан да маңызды бағыттарын табуды жалғастырып жатқанына қуаныштымын», – деді Трамп.

Қазақстан Назарбаевтың басшылығымен жетістікке жетті, деп жалғастырды АҚШ президенті. Ол Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен де осындай тығыз қарым-қатынас жасаудан үміттенетінін айтты.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…