Қазақстан Президентіне Жоғарғы Соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берілді, – деп хабарлайды Ақорда.

Жақып Асанов Азаматтық процессуалдық кодексті одан әрі жаңғыртуға бағытталған заң жобаларының дайындығы және жаңа әкімшілік әділет институтын енгізу жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешімдерінің сапасын арттыру және азаматтардың өтініштерін мұқият әрі әділ қарау қажеттігін айтты. Президенттің пікірінше, судьялардың құзыреттігін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамтамасыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…