«Арнау» тобының экс-солисі Жанар Хамитова тағдырдың тәлкегімен талай қиындықты басынан кешіргені туралы ашық айтты, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Әншінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін шет елде тұрып, тұрмыс құрып та, ажырасып та үлгерген екен. Екі баланың анасы атанған Жанар «Астарлы ақиқат» бағдарламасында өз өмірінің құпияларын ашты.

Кезінде танымалдыққа ие болған әнші тұрмысқа шыққан соң, ұзақ уақыт бала сүйе алмағанын айтты. Сөйтіп дін жолына түскен ол, отасқан күйеуімен бірге 11 жыл тұрғанын жеткізді.

«Жанар ол кезде тағдырының қиын екенін, күйеуінің дін жолына түсіп, көп нәрсеге шектеу қоятынын айтты. Теледидардың өзін харам дейді екен. Үш рет талақ айтқан екен. Тағдырының қиын екенін айтқан еді, қазір басқаша айтып отыр», – деді әнші.

Жанар қазіргі уақытта мейрамханада ыдыс жуады екен. Өзі пәтер жалдап тұрып жатыр. 5 жыл бұрын өнерге келуге көмек сұрағанымен, ешкімнен қолдау болмаған екен.

«Мейрамханада ыдыс жуып, күніне 4 мың теңге табам. Екі қолым бар, құдайға шүкір. Бәрі қолымнан келеді», – дейді әнші.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…