Жәнібек Әлімханұлы жеңісінен соң мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (5-0, 2 КО) әлем чемпионы белдеуі үшін күресуді жоспарлаған кезді айтты, — деп хабарлайды stan.kz.

“Мен күшті қарсыласқа қарсы не істей алатынымды көрсеттім. Әлемдік атақ үшін күресетін уақыт жақын қалды. 2019 маған жақсы болғалы тұр. Бұл менің саяхатымның бастамасы ғана”, – дейді Әлімханұлы.

Фриско қаласында (Техас штаты) Әлімханұлы Сергей Ковалев – Эльдара Альварес II жекпе-жегінің андеркардында айқасқа шықты. 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы америкалық Стивен Мартинес болды (18-5, 13 КО). Лақап аты «Хитман».

Мартинездің бұрышы төрешіден бесінші айналымда күресті тоқтатуды сұрады. Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, жеңісімен марапатталды.