«Астана» велошабандозы жол апатына ұшырады

Astana Pro Team командасы құрамындағы кәсіби велошабандоз Омар Фраиле жексенбіде жол апатына ұшырады. Бұл туралы Twitter-дегі команданың ресми микроблогында жазылған, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Омар Фраиле мен оның құрбысы жексенбі күні Испанияда жол апатына ұшырапты. Олардың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, бірақ екеуі де жарақат алды.  Фраиленің қабырғасы шытынаған. Ал қыздың қабырғасы сынып, омыртқасына зақым келгендіктен, ота жасалуы тиіс.

Еске сала кетейік, Омар Фраиле «Джиро д»Италия» кезеңдерінің бірінде, сондай-ақ «Тур де Франс» және басқа кезеңдерде жеңімпаз атанған.