«Астана Арланс» бокс клубы таратылады

«Астана Арланс» бокс клубы таратылады және WSB-де келесі маусымында өнер көрсетпейді. Бұл туралы  бүгін Астанада федерация жұмысының қорытындысына байланысты өткен жиында Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Данияр Әбілғазин мәлімдеді, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

«Астана Арланс» командасы таратылады. Келесі маусымнан бастап біз жобаға қатыспаймыз », — деді Әбулғазин.

Сонымен қатар,  жиында аясында белгілі кәсіпкер Кеңес Рақышев Қазақстан бокс федерациясының халықаралық байланыстар бойынша вице-президенті болып сайланғаны белгілі болды.

Еске сала кетейік, «Астана Арланс» боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясына бес рет қатысып, үш рет чемпион атанса, екі мәрте екінші орын еншілеген болатын.