Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Астана Опера» театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде өз дауысын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін еліміз үшін ерекше тарихи күн. Азаматтарымыз өз конституциялық құқығын пайдаланып сайлауда дауыс беруде. Бұл халқымыздың жарқын болашағы үшін жасайтын таңдауы. Сайлау меніңше бұл үлкен мереке. Сайлау – бұл кандидаттардың ел болашағы үшін жасалатын ұсыныстары мен бағдарламаларының бәсесеге түсетін додасы. Еліміздің басты құндылығы ол – татулық, бірлік, ынтымақ. Сондықтан қай кезде де басты құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Бүгінгі бәсекенің заңға сәйкес демократиялы түрде өтетініне сенім білдіремін», – деді Қ. Тоқаев.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берген сайлау учаскесінде барлығы 2 500 адам тіркелген, қазіргі уақытта оның 1 мыңға жуығы өз таңдауын жасады. Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…