АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейді Украинадағы сайлауға араласты деп айыптады

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Ресей Федерациясы «ең жоғары деңгейде» Украинадағы президенттік сайлауға кедергі келтіріп отырғанын айтты, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

— Біз Ресей тарапының Украинадағы сайлау науқанына өте жоғары деңгейіде араласып жатқанын көріп отырмыз. АҚШ Мемлекеттік департаменті украиндықтарға үлкен тәжірибелік көмек көрсетуде, біздің офисіміз өте белсенді, біз Украинаның киберқауіпсіздігін жақсартуға көмектесеміз, — деп келтіреді АҚШ өкілінің сөзін «Рамблер» басылымы.

АҚШ өкілінің мәлімдемесін Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі бейнебаян түрінде таратқан. Бөлім өкілінің аты-жөні көрсетілмеген, бірақ өкіл мәлімдеме аясында өзінің АҚШ-Украина стратегиялық әріптестік комиссиясының тең төрағасы болып табылатынын атап өтті.

Еске сала кетейік, Америкалық тараптан осы комиссияны Мемлекеттік хатшы Майк Помпео, Украина тарапынан Сыртқы істер министрі Павел Климкин  басқарды.