Қызылорданың қақ ортасында атыс болып, кемі бір адам жараланған (ВИДЕО)

Қызылорда қаласында жастар атысып, кем дегенде бір адам жараланды. Оқиғаны куәгерлер видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желілерге таратып жіберген.

Видеороликте шамамен үш жігіттің рюкзак арқалаған бір жігітті қуып келе жатқаны анық көрінеді. Қашқан ер азамат сәл жүгіргеннен кейін сөмкесінен шолақ мылтыққа ұқсайтын суық қару шығарып, өзін қуушыларға қарата оқ атқан. Бұл сәтте көшеде жаяу жүргіншілердің көп болғанын да аңғаруға болады.

Екінші видеороликте жерде жатқан жаралы адамды полицейлер көтеріп алып кетіп бара жатқаны түсірілген. Облыстық ІІД-нің мамандары оқиғаның Әйтеке би көшесінде болғанын айтады. Қазір бұл іске қатысты бұзақылық дерегімен қылмыстық іс қозғалыпты.

Дереккөз: sn.kz