Қазақтың министрі қазақ тіліндегі сұраққа жауап бере алмады

«Тамара, сен шаршадың ба?» — Елбасының осы бір ауыз сөзінен кейін қызметінен кеткен Тамара Дүйсенованың орнына келген су жаңа министр Мәдина Әбілқасымова қазақша сауалдарға жауап бере алмай қиналды.

Үкіметтің алғашқы отырысына қатысқан лауазымды шенеунік Дүйсенованың қателіктерін қайталамайтынын айтып, жұмыссыздар мәселесін шешемін деп өзінің қарқыны қатты екенін көрсеткісі келгендей болды. Алайда, Мемлекеттік тілді білу жағынан ақсаңдап тұрған министр ақыры тілшілерден қашып құтылды.

Біз не көрмедік… Мәскеуде бес жыл оқып, ана тілін ұмытып қалған министрлерді де көрген едік. Қазақстанда тұрып, қазақ тілінде дұрыс сөйлей алмайтын шенеуніктерге таң қалуымыз да артық секілді ме, қалай?..

Кезінде «оралмандардың дені сауатсыз» деп айды аспанға шығарған Әбілқасымова ақыры «үш-төрт айдың көлемінде дайындалып, қазақ тілінде сұхбат беретінін» айтып ақталды.

newsasia.kz