Қарағандыда шахтада жарақаттанғандар өтемақы өсіруді талап етуде

Қарағандыда шахталарда жұмыс істеп, жарақат алған бұрынғы шахтерлар өтемақыларын өсіруді талап етті. Олар «Қорғау» кәсіподағына көмек сұрап өтініш жасаған, — деп хабарлайды centralasian.org.

«Қорғау» кәсіподағының төрағасы Марат Миргаязов «желтоқсандағы кеншілер ереуілінен кейін шахтерлардың айлығын өсірді. Осыдан соң өндірісте жарақат алған шахтерлар да өздеріне берілетін өтемақыны көтеруді талап етеді» дейді.

Кәсіподақ еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне хат жолдаған. Алда осы мәселеге қатысты депутаттармен де кездесу өткізбек.

Қазір Қарағанды облысында АМТ шахталарында жұмыс істеп, жарақат алған үш мыңға жуық адам бар.