Астаналық кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккен аягөздіктерге көмектесті (ФОТО, ВИДЕО)

Шығыс Қазақстан облысының су басқан аудандарына көмек жолдау ісіне астаналық кәсіпкерлер де атсалысты. Табиғи апаттан жапа шегіп, әбден әбігерге түскен өңір тұрғындарына киім-кешек пен тұрмыстық тауарлар тиелген жөк көлігін елордадағы ең ірі сауда орындарының бірі «Шанхай» базарының ұжымы жөнелткен.

Бұл туралы NewsAsia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Игі іске ұйытқы болған базар директоры Қайырлы Таукен, су басқан Аягөз қаласының халқына 1167 дана киім-кешек, 296 аяқ киім, 11 түрлі тұрмыстық тауар, 300 көрпеше, жастық пен төсек орындарының, жалпы сомасы 5 млн теңгенің көмегі жеткізілгенін айтты. Бұл 50 отбасын толық киіндіріп, күнделікті тұтынатын тұрмыстық тауарлармен қамтамасыз етуге жетпек.

Сондай-ақ, табиғи апаттан үйлері қирап, баспанасыз қалған тұрғындарға дастархан жайылды. Айта кету керек, Астанадағы «Шанхай» базары басшылығы қайырымдылық іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастырып тұрады. Мәселен базар аумағында аптаның әр жұмысында жеті қазан көтеріліп, халыққа тегін палау таратылады.