2019 жылы оралмандарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

оралман, квота, жаңалықтар, қаулы, қоныс, көші-қон

Оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2019 жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 916 қаулысы жарияланды, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Құжатқа сәйкес, биыл оралмандарды қабылдау үшін 2 103 адамға, сондай-ақ, қоныс аударушыларды қабылдау үшін 7 771 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2019 жылғы 1 тамызға және 2020 жылғы 1 ақпанға қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулының орындалуы туралы есеп беру жүктелді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.