Өскеменде сақшының иті әйел зорлаған қылмыскерді ұстап берді

Өскеменде 50 жастағы қылмыскер бейтаныс әйелді ұрып, артынша зорлап тастаған. Жәбірленушінің өзі Ұлттық гвардияның 5518 әскери бөлімшесіне зәбір көргені туралы айтып берген, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Өскемен қаласындағы Космическая көшесінің тұрғыны өзін белгісіз ер адамның сабап, кейін зорлап тастағанын хабарлаған.

Желтоқсанның 3-күні сағат 17:20-да аға сержант Дулат Трумов аталмыш көшедегі №5 үйдің маңынан анықтамаға сай келетін күдікті ер адамды тоқтатқан. Ер кісі сезіктенсе керек, дереу қашып кеткен. Көп ұзамай кинология қызметінің инструкторы өзінің «Сэм» атты итімен күдіктіні түсірді.

Оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің «Зорлау» бабы бойынша іс қозғалды. Сараптама жүргізіліп жатыр.