Үндістанда жолаушылар көлігі шатқалға құлап кетті

Үндістанның шығысындағы Трипура штатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан 30-астам адам жарақаттанды. Бұл туралы NDTV телеарнасы мәлімдеді, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Телеарна мәліметіне сәйкес, оқиға бүгін таңертең Дхалаи аймағында орын алған. Апаттың себебі анықталуда.

Жергілікті медициналық қызмет өкілінің сөзінше, 30 жолаушының 22-сі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта зардап шеккен жолаушылардың барлығына медициналық көмек көрсетілді. Қаза тапқандар жоқ.

Штаттың бас министрі Биплаб Кумар Деб ауруханаға арнайы келіп, зардап шеккен жолаушылардың жағдайын өз бақылауына алғаны хабарланды. Емдік шараларға жұмсалатын барлық қаржыны үкімет көтеретіні белгілі болды.