Шон Пенн Хашоггидің өлімі туралы деректі фильм түсіреді

Голливуд актері және режиссер Шон Пенн журналист Джамаль Хашоггидің өлімі туралы деректі фильмді жарыққа шығарады. Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі Associated Press-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түрік президенті Режеп Тайып Ердоғанның өкілі Ясин Актайдың сөзінше, «Оскар» сыйлығының екі мәрте лауреаты атанған әйгілі әртіс Түркия түсірілім жұмыстарымен айналысуда.

Еске сала кетейік, The Washington Post журналисі Джамаль Хашогги Стамбұлдағы Сауд Арабиясының елшілігінде қазан айының басында өлтірілген болатын. Журналистің өлімі халықаралық жанжалға ұласып, сауд монархиясына бірқатар айыптаулар тағылған еді.