Жапонияда 8K форматында хабар тарату іске қосылды

Жапондық NHK телеарнасы 1 желтоқсан күні 8K форматындағы спутниктік хабар таратуды іске қосты. Бұл туралы newsasia.kz агенттігі Engadget-ке сілтеме жасап хабарлайды.

8K форматы 7680 × 4320 (33,2 Мегапиксель) пішімінде хабар көрсетеді. Салыстыру үшін айтар болса, HDTV пішімінің суреті небары 0,9 мегапиксельден тұрады.

Аталмыш форматта көрсетілген алғашқы фильм Стэнли Кубриктің «2001 жыл: Космостық одиссея» кинотуындысы болып табылады.

Еске сала кетейік, қараша айында АҚШ-тың Аэронавтика және NASA ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасы 8K форматындағы халықаралық ғарыш станциясынан бейне жазба таратқан болатын.