Депутат Әлтаев: Әр балаға 20 мың теңге жетеді

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, қазіргі уақытта мәжіліс депутаты Нұржан Алтаев Қазақстанда бір балаға 20 мың теңге беру жеткілікті екенін айтты.Жаңадан сайланған мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев журналистердің сауалына жауап берді.

Бұл туралы stan.kz хабарлады.

Жаңадан сайланған депутатқа тілшілер «Қиын кезеңде Еңбек министрлігінен кетіп өалған жоқсыз ба?» деген сұрақ қойды. Әлтаев бұрыннан депутаттар қатарына қосылғысы келетінін айтты.

«2004 жылы мәжіліс депутаттығына сайлауға түстім, ол кезде республикадағы ең жас үміткір едім. Өкінішке қарай, мен өтпедім, Екінші рет мен 2016 жылы сайлауға қатысып, «Нұр» партиясы депутаттарының қатарында «резервтік тізімде болдым», — деді Әлтаев.

Ол Еңбек министрлігіне жүктелген барлық міндеттемелерді орындадыңыз ба, жоқ па деп сұрағанда «Иә, тіпті одан да көп» деп жауап берді.

Сондай-ақ, журналистер Әлтаевтың елдің көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету туралы пікірін сұрады. Бес баланың әкесі ай сайынғы отбасылық шығындарды айта алмады, себебі онымен әйелі айналысады екен.

«Менің ойымша, егер сіз үнемдейтін болсаңыз, онда бір балаға айына 20 мың теңге жетеді, менің ойымша, бұл мүмкін», — деді депутат.

Сонымен қатар, Нұржан Алтаев мәжіліс депутаты ретінде жалақысының қанша екенін әлі білмейтінін айтты. Ол депутаттық пәтерге ауыспады, екі бөлмелі жалдамалы пәтерде тұрады.