Денис Тенді өлтірді деген күдікті қылмысын қалай іске асырғанын айтып берді

Денис Тенге шабуыл жасады деген күдікті Нұралы Қиясов қайғылы оқиға болған орында түсініктеме берді. Бұл туралы СТВ арнасы хабарлады.

Құрманғазы және Бәйсейітова көшелерінің қиылысы қазіргі уақытта полиция қызметкерлеріне толып тұр. Куәгерлердің айтуынша, полицейлер тергеу экспериментін жасап жатқан көрінеді.

Видеодан байқағанымыздай, қолдары кісендеулі Нұралы Қиясов Денис Тенге қалай тап бергендерін түсіндіріп тұр. Ал жанында қара киімді әрі бетперде киіп автомат ұстаған адамдар тұр.

Айта кетейік, Қазақстандық чемпионды ұры әрі қандықол қылмыскер Құрманғазы мен Бәйсейітов көшелірінің қиылысында пышақтап кеткен еді. Соның салдарынан Денис 3 литрге жуық қан жоғалтты. Дәрігерлер оның өмірімен 2 сағат бойы арпалысты, алайда нәтижесіз болды. Жұлдыз бір сәтте сөнді де қалды.

qamshy.kz