«Баланың беті ойылған»: Семей тұрғыны балконнан банка лақтырған

9 жасар баланың сол жақ беті ойылып тұрып, жарақат алған. Оның бетіндегі тыртығы енді қашан жазылатыны белгісіз. Себебі баланың бетіне алдағы уақытта пластикалық операция жасап қана қалпына келтіру мәселесі тұр екен.

Семей тұрғыны Наталья Сергеева 10 қабаттан 2 литрлік банкыны мас күйінде лақтырып қалыпты. Бұл қылмыстық істі зерттеу 1 жыл 3 айға созылса керек. Жақында Семей қалалық №2 сот судьясы Наталья Сергееваны 6 айға соттау туралы шешім шығарды. Және басына банка түсіп кеткен баланың ата-анасына 653 мың теңге материальдық және моралдық өтем шығару жөнінде шешім шығарылған.

Оқиға былай болған екен: 2017 жылдың 20 тамыз күні Семей қаласы, 15 шағын аудан, 18-інші үйдің ауласында 9 жасар бала өзінің құрдастарымен ойнап жүреді. Кенет оның басына ішіне жұмыртқаның қабығы толған банка зуылдап кеп құлап, басына тарс етіп құлап, жарылады.

Шыны банканы сол көппәтерлі үйдің тұрғыны 39 жасар Наталья Сергеева лақтырған екен. Жұмыртқасын жеп алған соң, сыртқы қабығын қоқыс пакетке салып, шығарып салуға ерінеді. Мас күйде 2 литрлік банканы алып, форточкадан ішіндегі қабықты сыртқа сілкілеймін деп тұрғанда, қолындағы банканы ұшырып жіберген.

Ал бала жасынан дімкәс, ДЦП диагнозы қойылған. Енді бетін емдеу үшін ата-анасының бармаған жер, баспаған тауы қалмапты.
Бірақ, қазіргі таңда бала толық жазылып кетеді деп ешбір медицина маманы уәде бермей отыр. Бетінде тыртық қалып қалған. Тек бірнеше жылдан соң ғана пластикалық ота көмегімен қалпына келтіруі мүмкін деген болжам ғана бар. Пластикалық от жасамаса бала беті-аузын толық қозғалтып, тамақ ішу, сөйлеу қимылдарына бөгет тууы мүмкін.

Қорытындысында іс сотқа тапсырылып, айыпкер әйелге ҚР ҚК 3 бабы 114 бөлім бойынша денсаулыққа тигізген байқаусызда ауыр жарақат бойынша іс қозғалған. 2018 жылдың 4 желтоқсаны күні №2 сот шешім шығарып, Наталья Сергееваны айыпты деп танып, жарты жылға соттады.

Бірақ, баланың ата-анасы мүлде келіспей отыр. ШҚО адвокаттар коллегиясының адвокаты Мейірхан Сеилбаевтың айтуынша, бұл істі жеңіл қаралды деп ата-анасы риза болмауда деді:

-Тергеу барысында белгілі болғандай, банка егер өз бетімен құлап кетсе, аулада ойнап жүрген балалар емес, басқа жаққа құлайды екен. Тек Сергеева дәл көздеп атқан соң, банка балалар ойнап жүрген жерге түсті деді ата-анасы. Біз бұл кездейсоқ емес деп қанша дәлелдесек те, прокуратура біздің істі қанағаттандырмады. Енді тек ата-анасы 15 күн ішінде қайтадан сотқа шағымдана алады.

Дереккөз: altaynews.kz