Астанада демалыс күндері шулауға тыйым салынуы мүмкін

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі. 

Жиын барысында елорда әкімі «Астана – қолайлы және қауіпсіз қала» бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттарын атап өтті.

Мәселен, Германия елінің тәжірибесі бойынша демалыс күндері толық тыныштықты қамтамасыз ету бойынша ұсыныс жасалды. Нақтылай кетсек, бұл жөндеу және кез келген басқа да жөндеу жұмыстары, сондай-ақ нақты жұмыс регламентін бекіту, түнгі уақытта бірінші қабаттарда орналасқан дәмханалар мен мейрамханалардағы және көңіл көтеру орындарын шектеу мәселелеріне қатысты болмақ.

Newsasia.kz