Астанадағы жер үсті метросының бағасы 1000 теңге болатыны рас па?

Компания бұқаралық ақпарат құралдарында пайда болған сарапшылардың есебін шындыққа сәйкес еместігін түсіндірді, деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі беттерінде астанада салынып жатқан жеңіл рельсті транспорттың болашақтағы бағасы туралы ақпарат тарады. «Астана LRT» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, сарапшылар жолақының бағасын есептеген, алайда жарияланымға шыққан есеп шындыққа сәйкес келмейді.

«Қазіргі кезде жобаның құрылысы басталу кезеңінде тұр және жаңа транспорттың астанаға арналған жолақысы туралы айту әлі ертерек.

Жобаның қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу кезінде жолақының бағасын алдын ала 200 теңге деп бекітілген. Біз транспорт жүйесін ұйымдастыруда барлық уақыттың талабына жауап беретін, әлемдік стандартқа сай болуына ұмтыламыз. Сол себепті, бұл мәселеге алдын ала он жыл бұрын қарауымыз керек. ЛРТ линиясы – қоғамдық көлікті дамытудың тағы бір қадамы, болашақта өсіп келе жатқан қаланың сұранысын қанағаттандыруымыз керек», — делінген компанияның хабарламасында.