Нұр-Сұлтанда өрт кезінде бір топ адамның әйелді құтқарған сәтінде түсірілген видеосы жарияланды, – Tengrinews.kz.

Өрт екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған. Өрт аумағы 20 шаршы метр. Автосатының арқасында 32 адам эфакуацияланды, оның ішінде 28 бала. Жатақханадан 350 адам өздігінен қауіпсіз жерге шыққан. 20 адам, оның ішінде 14 бала медициналық көмекке жүгінген.

Кейбір тұрғындар терезеден секірген, төменде олардың кездейсоқ адамдар мен құтқарушылар тосып тұрды. Зардап шеккендерге оқиға орнында көмек көрсетілді.

Өрт аумағына елорда әкімі Бахыт Сұлтанов шықты. Ол үйді қарап шығып, тұрғындармен сөйлесті. Олар үйді сүріп тастауды өтінген. Сұлтанов зардап шеккендерге үйдің жағдайымен баға беріліп, көмектесуді тапсырды. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Өрт сөндіруге Нұр-Сұлтан ТЖД арнайы 18 техникасы мен жеке құрамның 66 адамы жұмылдырылған.

Әкімдік мәліметінше, зардап шеккен адамдар саны 26-ға жеткен, олардың алтауы бала: екеуі № 1, 12 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. 12 ересек адамның сегізі № 1, 4 қалалық ауруханаға жеткізлді. Төртеуі ауруханаға барудына бас тартты.

Зардап шеккендердің диагнозы -газдан уланған. Олардың жағдайы – орташа деп бағаланған.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…