Мемлекет басшысы «Евгений Онегин» операсына барды

Қазақстан Президенті «Астана опера» театрының бас дирижері А.Бөрібаев пен италиялық қоюшы режиссер Д.Ливермор қойған П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсының премьерасын көрді, – деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Спектакльдің басты партияларын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының опера әртістері А.Исаев, Т.Мұсабаев, Г.Чеплакова, А.Ниязова, М.Шотабаев, Ж.Тапин, Д.Хамзина, Т.Вицинская және басқалары орындады.

Қойылымды тамашалау барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Үлкен театрының бас директоры В.Уринмен әңгімелесті.