Академиялық кітапханада Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залы ашылды

Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залының салтанатты ашылу  өтті, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залының қорына жазушының жеке кітапханасындағы мәдениет және өнер тарихы, әлемнің ұлы тұлғалары туралы кітаптар, қазақ ақын-жазушыларының кітаптары топтастырылған. Коллекцияда барлығы 6019 дана кітап ұсынылып отыр.

Іс-шара барысында Әбіш Кекілбайұлының жеке кітапханасы қорындағы қаламгерлердің қолтаңба коллекцияларының жинағы бойынша жарық көрген «Қаламгер қолтаңбасы» кітабы таныстырылды.

Аталмыш зал ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, жазушының жұбайы Клара Жұмабайқызының және немересі Абыл Кекілбаевтың көмегімен ашылып отыр.

Іс-шараға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Мырзатай Жолдасбеков, Несіпбек Айт, Төлен Әбдік, Оразкүл Асанғазы, Алдан Смайыл, Қуаныш Сұлтанов, Оралбай Әбдікәрімов, Сауытбек Абдрахманов, Көпен Әмірбек, Шәрбану Бейсенова және т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты.