Адамдар “Қалаулымды” өздері көріп алып, сосын жамандайды — танымал журналист

Аша Матай, Қалаулым

Қазақ журналисі Данияр Есен “Қалаулым” бағдарламасы мен оның көрермендерін сынға алды. Бұл бағдарламаны көргенше, уақытыңды бала тәрбиесіне бөл деген кеңес берді, — деп жазады stan.kz.

Журналист бұл бағдарламаны жамандау арқылы оның жарнамасын арттырып жатқан көрермендеріне сын айтты. Одан өзге бағдарламаларды көруге шақырды.

“Мен кейбір адамдарға кәдімгідей таңқалам. “Қалаулым жаман“, “Анаужаман“, “Мынау жаман” дегенше, көрмей–ақ қоя салуға болады ғойсоларды. Қазір бұрынғыдай, Советский Союздағыдай бір–ақ телевидениеемес қой. Таңдау көп! Мың арна бар. “Дождь” сияқты керемет Интернет арналар бар, youtube бар, Фейсбук бар, Инстаграм бар, қала берді әл–Жәзира, BBC, CNN, EuroNews бар. Қазақ Радиосы қандай керемет тәлімімол бағдарламалар береді. Соны тыңдасын. Ал, біздікілер айналып келіп, өздері көріп, өздері жамандайды.

Олар әдейі істейді. Адамдар жамандаса екен, сөз қылса екен деп істейді. Ал, сен астыртын жарнама жасап отырсың. Олар туралы еш жердеайтылмаса, өздері–ақ керексіз болып қалады. Қара Пиар да Пиар. Одан да көрме! Жүйкеңді тоздырма! Ең жақсысы –кітап оқы! Бос уақытыңболса, уақытыңды балаларыңа бөл!”, – деп жазды Данияр Есен желіде.

Желі қолданушылары да оның сөзін қостап, сан алуан пікірлер айтты. Бағдарламаны көретін де, көрмейтін де көрермендер табылып жатты.

“Теларналардан жақсы дүниелер көрсетсе халық соны көреді,ал енді халыққа пайдасы жоқ сапасыз шоулар керек емес кәзір бұрынғыдай арналар аз емес көп бірақ сапасы жоқ бұрын бір екі арнағана болсада жанұсымен ұялмай көреалатын халық ал кәзір телеарнада қарамайды халық неге деген сұрақ туындайды өйткені сапасыз қоғамға пайдасы жоқ туындылар” деп жазды қолданушының бірі.