Әміржан Қосан: Қой терісін жамылған қасқырларды тексеріп шықса…

Кремльдік бас пропагандистің бірі, «Ресей» телеарнасының басшысы, Путиннен күн сайын сұқбат алып, әмпай-жәмпай болып, апталық қорытынды хабарында Батыстың быт-шытын шығарып, жерден алып, жерге салып жүрген Брилевтің екінші азаматтығы бар болып шықты. Ол Британ тәжі құзырында екен.

Не деген адами әрі идеологиялық екіжүзділік!

Бізде де — билікте, олигархтық бизнесте және ақпарат саласында — екі паспорты бар қанша қой терісін жамылған қасқырлар төл отанына қарап, іштей ұлып жүр екен?!

Құзырлы органдар осының бәрін бір тексеріп шықса!

Әміржан Қосан,

facebook парақшасынан