Сәуірдің 9-ы күні Еревандағы кедендік нысандарды аралаған кезде Арменя премьер-министрі Никол Пашинян кеңселердің бірінен кірленген армян туын байқап қалған. Кеңсе қызметкерінің ресми топты қажетті дәрежеде қарсы алмағанына онсыз да ренжулі болып тұрған премьер-министр кірлеген жалауды көрген кезде бөлмедегі барлық қызметкердің қызметінен кететінін айтқан.

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілдері қызметкерлерін жұмыстан кетіру туралы ресми түрде бұйрық алмаса да, Пашинян шүйліккен кеңсе қызметкері Аик Мартиросян ертесінде өз еркімен жұмыстан шығып кеткен.

“Егер біреу Армения республикасы премьер-министрінің Арменияның туын қорғай алмайтынына куә болса, онда біздің мемлекет туралы түсінігіміз басқа болғаны” деді Пашинян сапардан кейін журналистерге.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…