Назарбаев Президент өкілеттігін тоқтатуды түсіндіру үшін Конституциялық Кеңеске өтініш жолдады

кино, заң, ақорда

Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің өтінішін қабылдады. Бұл туралы ҚР Конституциялық Кеңесінің сайтында мәлім етілген.

«2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде», делінген хабарламада.