Жаңа ішкі істер министрі тағайындалды

Қазақстанның ішкі істер министрі болып Ерлан Тұрғымбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

«Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі болып тағайындалсын», — делінген президенттің жарлығында.

Ол Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалған Қалмұханбет Қасымовтың орнына келді.

Ерлан Тұрғымбаев 2012 жылдан бері Қазақстан ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келді.