«Бір құлағыңыздан кірсе, екіншісінен шығады»: ашынған аналар Аманшаевқа тіке айтты

Астана қаласында орын алған қайғылы жағдайдан кейін 6 ақпан күшін елордада аналар жиналып, билікке өз арыз-шағымдарын жеткізді. Қала басшылығы тарапынан ашынған аналармен кездесуге Сұлтановтың орынбасары Ермек Аманшаев келді, — деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Ютуб желісіндегі «Азаттық»-тың ресми каналында жарияланған бейнежазбада аналардың билікке нақты бірқатар талап қойғаны көрсетілген.

«Астана» концерт залында өткен жиында сахнаға көтерілген бір топ ана әкім орынбасарына жанайқайларын жеткізді.

— Сіз, мырза! Сіз мені тыңдап тұрған жоқсыз! Мен көпбалалы анамын. Мен Астанада ғана көпбалалы анамын ба, әлде, Қазақстан Ресупбликасы бойынша көпбалалы анамын ба? Мен Қарағандыға бардым. Сонда кондуктор айтты «Сіздің көк «корчкаңыз» маған керек емес, сіз Астанада ғана көпбалалы анасыз» деді. Осындай дәрежеге жеттік… — деп күйінген ана әкім орынбасарына бар мұңын айтты.

Артынша сөз алға тағы бір ана «Бері қараңыз! Біз сізге айтарымызды айттық. Бір құлағыңыздан кірсе, екінші құлағыңыздан шығады шыны керек» — деп әкім орынбасарына көкейдегі наласын жеткізді.

Өз кезегінде, аналардың айтқанын тапжылмай тыңдаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев айтылған талаптың барлығы заң жүзінде қаралатынын жеткізіп, жинылған аналды сабыр сақтауға шақырды.

Ал жиынға қатысқан Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов болса аналар айтқан ұсыныстарды қарастыратындықтарып, таяуда барлығы реттелетінін айтты.