Франция Эстонияның Ресеймен шекарасына 300-ге жуық жауынгер, 4 танк және 25 жаяу әскерге қарсы соғыс көлігі бар арнайы жасағын жіберді. Бұл туралы Балтық республикасындағы Франция Елшілігінің сайтында жазылған, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Шешім НАТО миссиясы аясында Балтық елдерінде және Польшада (FRA-EFP LYNX) альянстың әскери қатысуын нығайту мақсатында қабылданды. Француз әскери күштері Эстонияға 23 сәуірде жетіп, 2019 жылдың тамыз айының соңына дейін республикада болады.

Француз сарбаздары Ресей шекарасынан 140 шақырым жердегі Тапа қаласында орналаспақ. Жасақ француз армиясының екінші бригадасы мен шетелдік легионнан шыққан жалдангерлерден тұрады. Айта кетейік, әскери техниканың қозғалысы теміржол арқылы жүзеге асырылатын болады.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…