Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің әншісі Мұрат Құсайынов «Эйр Астана» қызметкерін ұрды. Бұл туралы tengrinews.kz порталына әуекомпаниясының корпоративті коммуникация департаментінің директоры Тілек Әбдірахимов айтты, деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға сәуірдің 14-і күні жолаушыларды Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшатын КС 852 рейсіне отырғызу барысында орын алған. Әуекомпаниясы хабарлағандай, Құсайынов айқайлап, дөрекі сөйлеген. Экипаж оны бортқа отырғызуға қарсылық танытқан соң ол жолаушыларға қызмет көрсету ауысымының басшысын қақ маңдайдан ұрған делінген жазбада.

«Эйр Астана» компаниясы Нұр-Сұлтан әуежайындағы полиция бөлімшесіне арыз түсіріп, Құсайыновты жауапқта тартуды сұрады. Әуежайдағы полиция бөлімшесінің хабарлауынша, «Әуе бортындағы бұзақылық» бабы бойынша тергеу жүргізуде. Бұл баб бойынша 5 мың АЕК көлеміндегі айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу шарасы қарастырылған.

Әншінің өзі болса қызметкерге қол көтермегенін алға тартты. Ол тек аяқ-киімді дөрекі түрде шешуді талап еткен қызметкерге ұрсып тастағанын айтып отыр.

Check Also

Ақтауда кішкентай қызды көліктен итеріп құлатқан өзінің ағасы болып шықты (видео)

Ақтауда оқушы қызға дөрекілік көрсеткен ер адамның әрекеті көпшіліктің наразылығын туғызды…