Сахналық қойылым кезінде питон цирк әртісін буындырып тастады. Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Цирк-шапито қойылымы кезінде балалар алдында өнер көрсеткен әртісті питон буындырып тастаған. Әлеуметтік желіде тараған видеода бұл оқиға қай жерде және қашан орын алғаны туралы айтылмаған.

Алып жыланды мойнына ілген жас өнерпаз бір кезде алқымынан ораған жыланнан құтыла алмай, ел алдында есінен танып құлады. Жылан әртісті тұншықтырған бірнеше секунд ішінде жас жігіт қолын сермеп жандәрмен қылды.

Тек 20 секунд өткесін ғана цирк қызметкерлері жыланды жас жігіттің мойнынан жұлып алды.

Әртіс пен питонның өмірі туралы ақпарат жоқ.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…