Алматы облыстық мәслихатының депутаты ұлымен бірге 111 миллион теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы С.Бекішев пен облыстық мәслихаттың депутатына сот үкімі шықты.

Сот барысында облыстық мәслихаттың депутаты, «УМР-3» ЖШС басшысы Б.Артемов ұлымен бірге Талғар су торабын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актісіне кедергісіз қол қою үшін Бекішевке 5 550 000 теңге пара бергені анықталды.

«Талдықорған қалалық сотының үкімімен Бекішев пара алғаны үшін 4 жылға сотталды. Ал депутат пен оның ұлына пара бергені үшін әрбіреуіне 55,5 миллион теңге айыппұл салынды», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Check Also

«Мына әкімдер қауіпті»: Иманғали Тасмағанбетовті Ресейдегі «айдаудан» алдыру керек – Қазыбек Иса

ҚАУІПТІ АЙМАҚТАРДАҒЫ ҚАУІПТІ ӘКІМДЕР Қазақ Елі осыдан 28 жыл бұрын Тәуелсіздік алғанын біл…