Ережесіз төбелестен әлем чемпионы ресейлік Магомед Юнисилаудың әкесін полицейлер ұрып өлтірді, – деп хабарлайды newsasia.kz ақпарат агенттігінің тілшісі eurosport.ru-ға сілтеме жасап.

Дмитрий Блинов, Павел Попов және Олег Шишканов есімді жедел уәкіл қызметіндегі үш полицей спортшының әкесіне көшеде тиісе бастаған. Полицейден қашқан Сулли дәріханаға кіріп тығылған. Алайда, полицейлер дәріхана қызметкеріне өз куәліктерін көрсетіп, полицияға хабарласпауды айтқан.

Алған ауыр соққылардан Сулли ауруханада көз жұмды.

Үш полицейге қатысты қылмыстық іс қозғалды, оның екеуі үй қамақта отыр.

Check Also

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінд…