Home Мәдениет «Хит әні жоқ»: Әли Оқаповтың Димаш туралы айтқан пікірі дауға ұласты
Мәдениет - 14.03.2019

«Хит әні жоқ»: Әли Оқаповтың Димаш туралы айтқан пікірі дауға ұласты

Танымал әнші Али Оқапо Ревю бағдарламасына берген сұхбатында Димаш Құдайбергенге қатысты айтқан пікірі әлеуметтік желіде дауға айналды.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

— Димаш дегенде, біз біріншіден Димаштың өзін және оның даусын, көз алдымызға аламыз. Ал Димашта өкінішке орай бірде-бір хит ән жоқ. Бұл енді ақиқат, бұл – шындық! Бірнеше бейнебаяндары бар екенін білемін. Қаншама концерттерді бергенін білемін. Бірақ, Димаш – әлемдік әндердің каверін орындаудан өз тыңдармандарын тапқан немесе жаулаған әнші. Менің ойымша әрбір әншіге хит керек! – деді Әли Оқапов.

Әншінің аталмыш пікірінен кейін желі қолданушылары Әлиге қарсы пікірлерді көптеп жазуда.

Біреулен Димаштың әр әні хит екенін айтса, енді біреулер Әлиді көрсеқызарлықпен бұл пікірді айтты деп санайды.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…