Home Экономика Түркістан облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды
Экономика - 01.03.2019

Түркістан облысында басқарма басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

Түркістан облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс басқарма басшысы тұрақты түрде 380 мың теңге пара алып отырған деген күдікке ілінді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, ұлттық бюроның Түркістан облысындағы департаменті арнайы жедел іздестіру шаралары барысында облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы мен осы басқарманың лицензиялау бөлімі басшысының парақорлық фактісіне қатысы бары анықталған.

«Олар ЖШС директорының орынбасары арқылы Б. деген азаматтан серіктестіктің зерттеушілік қызметпен айналысуына мемлекеттік лицензия беру үшін 380 мың теңге көлемінде жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Осы жылдың 27 ақпанында басқарма басшысы және оның жәрдем берушісі – ЖШС директорының орынбасары ұсталып, Түркістан мен Кентау қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», – деді ол брифингте.

Сонымен қатар департамент директоры кінәсін толық мойындауына байланысты бөлім басшысына қатысты процессуалдық ұстау шарасы қолданылмағанын,  тергеу жалғасып жатқанын атап өтті.
Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…