Home Қоғам Тауықтар қораға кіріп кеткен түлкіні тірідей шоқып өлтірді
Қоғам - 14.03.2019

Тауықтар қораға кіріп кеткен түлкіні тірідей шоқып өлтірді

Франциядағы Бретани академиясының ауылшаруашылық фермасында ерекше оқиға орын алды. Қораға кіріп кеткен түлкіні тауықтар тірідей шоқып өлтірген.

Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі bbc.com-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Фермада барлығы үш мыңнан астам тауық бар. Қораға еніп кеткен түлкі автоматтандырылған есіктің бірден жабылып қалуы себепті қайтып шыға алмай қалған.

Ферманың басшысы Паскаль Даниэльдің айтуынша, өлі түлкіні таңертең жұмысшылар тапқан. Оны тауықтардың шоқып тастағаны сонша, мойын айналасында сау із қалмаған.

Check Also

Нұрсұлтан Назарбаев: Елімізде саяси бәсеке бар

Елбасы «Nur Otan» партиясы кандидатының Республикалық қоғамдық штабының мүшелерімен кездес…