Танымал жазушының ұлы өз әйелі мен баласын пышақтап тастады

Ресейдің танымал жазушысы Александр Никитиннің ұлы Савва Мәскеудегі пәтерінде әйелі мен баласын пышақтап тастады.

Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы хабарлады.

Оқиға наурыз айының 2-і күні Мәскеудің «Ясный проезд» ауданында орын алған.

Қылмыс орнына келген криминалист мамандар баланың денесінде жиырмаға жуық пышақ жарақаты болғанын айтты.

Қылмыскердің әкесі танымал орыс жазушысы. Крым жазушылар одағының мүшесі. «Чеховская осень» секілді бірқатар халықаралық проза фетсивальдерінің лауреаты.