Home Экономика Назарбаевтың кетуі теңге бағамына әсер ете ме?
Экономика - 19.03.2019

Назарбаевтың кетуі теңге бағамына әсер ете ме?

Нұрсұлтан Назарбаевтың президент ретінде өкілеттігін тоқтату туралы шешімі теңге бағамына айтарлықтай әсер еткен жоқ, деп санайды Forex Club КТ сарапшылары.

Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады.

«Бұл хабарға қарамастан теңге бағамы айтарлықтай тұрақты қалып отыр, қазір ол долларына 376,5 теңгеден саудалануда», – деп атап өтті мамандар.

Қазақстан президентінің міндетін уақытша атқару сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүктелді.

«Алдағы уақыттарда теңге бағамын сыртқы емес, ішкі саяси факторлар анықтауы мүмкін. Қазақстан экономикасы едәуір тұрақты, қаржы мамандарының бағалауынша, Назарбаев ел үшін айтулы тұлға болғанымен, бұл жағдайды оңай еңсереді», – деп санайды сарапшылар.

Теңге бағамына мұнай бағасының динамикасы көбірек әсер етпек. Forex Club болжамынша, ұлттық валюта бір долларына 375-377 теңге шамасында сатылады.

Check Also

Сапарбаев: Кейбір отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төлеуді тоқтатамыз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мемлекеттік жәрдемақыны з…