Жүрсін Ерман: Астанада өтетін айтысқа Ринатты әкелмеңіз деген ескерту алдым

Жүрсін Ерман, Ринат Зайытов, Айтыс

Белгілі ақын Жүрсін Ерман Астанадағы айтысқа Ринат Зайытовты қатыстырмау туралы ескерту алғанын айтты.

Бұл туралы ол «Дала мен қала» газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

— Қазан айында Астанада өткен айтыста Ринат жақсы айтыс жасады. Бас жүлдені даусыз жеңіп алды. Оған ешкім кедергі келтіріп жатқан жоқ. Бірақ шындығын айту керек, біздің кейбір үлкен қалалар мен облыстардағы айтыстарға «Ринат Зайтов пен Айбек Қалиев қатыспасын» деген талап қойылады. Өйткені, осы ақындар артық бірдеме айтып қойса, салқыны өзімізге тиеді деп қорқады. Мысалы, алдағы айларда Астанада өтетін айтысқа Ринат, Айбек, Бекарысты әкелмеңіз деген ескерту хат алдым, — деді Жүрсін Ерман.